12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Атқарушылық жазбаның маңызы зор

Сот жүктемесін азайту, судьялардың әр істі ыждағаттылықпен, жан-жақты қарауына жағдай туғызу мақсатында көптеген бастамалар мен жобалардың қолға алынып жатқаны белгілі. Соның ішінде даусыз істерді сотқа дейін шешу, мұндай істерді құзырлы орындардың қарауына беру бағытында іргелі шаралар жүзеге асырылды. Нотариустардың құыретіне берілген атқарушылық жазбалар да даусыз сипаттағы талаптардың тез және тиімді шешілуін қамтамасыз етуді көздейді.

Жалпы 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарының сот саласына елеулі өзгеріс алып келіп,  жұмысына ерекше серпін бергенін айта кеткеніміз жөн. Стратегиялық құжатта көрсетілген 100 қадамның 11  қадамы сот билігіне оң  өзгеріс әкелуді қамтамасыз етті. Әсіресе жеңілдетілген іс жүргізу мен татуластыру рәсімдерін қолға алу, оның ішінде нотариустың атқарушылық жазба институтын енгізудің пайдасы ұшан-теңіз.

Осылайша, «Нотариат туралы» Заңына өзгеріс енгізіліп, 2000 жылы қолданыстан алынған нотариаттық іс-әрекетке атқарушылық жазбаларды жасау ісі қазақстандық нотариустарға қайтарылды. Атқарушылық жазба азаматтардың даусыз сипаттағы талаптарын тез және тиімді шешуді қамтамасыз ететін маңызды құқықтық құралдың бірі.

Атқарушылық жазба негізінде нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы; орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүргізіледі. Сонымен бірге, нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы; лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы; ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы даулар да нотариустар құзырына берілді. Қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы; төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы дауларды да нотариустар атқарушылық жазба жасау арқылы реттейді. Сонымен қатар, бүгінде жиі кездесетін жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы; жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талаптар бойынша атқарушылық жазба жасау нотариустар құзырында.

Бұдан басқа, атқарушылық жазбалар негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін талаптардың тізбесі Азаматтық процестік кодексінің 135-бабында белгіленген. Осы өзгерістердің өзі отандық соттар атқарып келген қаншама даусыз істің нотариустарға беріліп, сот жұмысын оңтайландыруға қарымды қадам жасалғанын дәлелдейді.

Б.Амиркулов,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...