«Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» бойынша дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы м.а. Т.С.Сұлтанова полиция департаменті қызметкерінің, қала прокурорының және сот қызметкерлерінің қатысуымен 2023 жылдың наурыз айынан бастап «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі арқылы сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді электрондық форматта жіберу туралы енгізілген пилоттық жобаны талқылау бойынша «Дөңгелек үстел» өткізді.

«2023 жылдың наурызынан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы барлық істер сотқа «ӘІЖБТ» ақпаратты жүйесі арқылы электрондық форматта қабылдануда. Осыған байланысты істерді жолдау кезінде сапалы сканерленген құжаттарды тіркеу қажет, өйткені сканерленген құжаттар сапасыз немесе дұрыс тіркелмесе, жүйе автоматты түрде қабылдаудан бас тартады» — деді өз сөзінде баяндамашы.

Сондай-ақ, Т.С.Сұлтанова әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық істер бойынша полиция қызметкерлері арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы тапсырма берді.

Іс-шара сонында қатысушылар сотқа материалдарды жіберу кезінде қиындық тұғызатын мәселелерді талқыға салып, өз ойларымен бөлісті.

Өз тілшіміз

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...

Мемлекеттік тілге құрмет – елге құрмет

Тіл – әрбір халықтың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы,...

Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды міндеттердің бірі - мемлекеттік қызметшілердің...

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа...