12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мұтырғановтар әулеті 10 жылдан соң сахнаға қайта оралды

Мұтырғановтар әулеті 10 жылдан соң сахнада қайта өнер көрсетті.

Оның сөзінше, өнерлі әулеттің сахнадан шеттетілуіне Қазақ мемлекеттік циркіндегі басшылық қызметі әсер еткен.

 «Басшылық қызметте болғанда ұжымға кейбір әрекеттеріммен жақпай қалдым. «Сен біздің жүйені құрттың» деді. Содан кейін ол қызметтен кеттім. Менімен қатар әкемді де цирктен шеттетіп тастады. Бірақ Кәрім Мұтырғанов цирк үшін аңызға айналған тұлға ғой. Қарап тұрсаңыздар, Қазақстанда әкемнен басқа цирк әртісін кім біледі? Мұндай адам жоқ. Сондықтан бұл — біз үшін кішігірім жеңіс», — деді ол.

Мұтырғановтар триосының режиссері, педагог, продюсер Кәрім Мұтырғанов әулеттің ерекшелігі туралы айтты.

 «Біз жануарсыз өнер көрсететін алғашқы циркпіз. Бұл жануарларға қарсылықтан емес, керісінше оларды үйретуді оңай емес. 5-6 сағат бойы тапжылмастан жануарлармен өнер көрсететін әріптестеріміз бар. Бірақ басқаларды жануарсыз өнер көрсетуге үгіттеу, ұрандату ойымызда жоқ. Әркімнің өз көрермені бар», — деді ол.

Сондай-ақ, ол цирк бағдарламасына да тоқталды.

 «Цирк бағдарламасында гимнасттар, акробаттар, сиқыршылар, т.б. өнер көрсетеді. Жаңа адамдар қоспадық. Себебі мұны көрермендер қалай қабылдайды деп ойладық. Сондай-ақ, бұрыннан келе жатқан клоундық ойындарымыз бар. Шоуға Қазақстанның түрлі қалаларының әртістері мен Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері қатысады», — деді Кәрім Мұтырғанов.

Айта кетейік, Алматыда 25 қазанда Кәрім Мұтырғановтың 70 жылдық мерейтойына орай бенефисі өтеді. Мұтырғановтар әулеті де сахнаға шығып, көрерменге жаңа нөмірлер ұсынады. 

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...

Уголовная ответственность несовершеннолетних

Уголовная ответственность — это самый строгий вид ответственности. Она...

Судьялар әдебі кодексі — қоғам талабынан туындаған құжат

Судьялар әдебі кодексі – сот билігінің беделін арттыруға, судьялардың...

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің мәселелері

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу – құқықтық мемлекеттің маңызды...

Қоғамдық көңіл-күй мен бұқаралық саясатты бағалау мәселелері бойынша онлайн-брифинг өтті

Еуразиялық интеграция институты (ЕИИ) 2025 жылдың қорытындысын шығару контекстінде...