12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке тұлғаның банкроттығы

Елімізде алған несиесін төлей алмаған тұлғалардың көбеюі «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» деп аталатын заңның күшіне енуіне ықпал етті. Бүгінде елімізде мұндай бірқатар азаматтар заң аясында банкрот деп танылып отыр. Осы орайда Жеке тұлға өзін банкрот деп жариялау үшін қандай талаптар қойылады? Банкрот болған адамның бүкіл қарызы кешіріле ме? Адам сот шешімінсіз қалай банкрот бола алады деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек…

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, дәл қазір елімізде мұндай азаматтардың саны бір миллионға жуықтайды екен. Адам жиналып қалған қарыздарын төлей алмаса, аталмыш заң аясында өзін банкрот деп жариялай алады. Бұл заң жүзінде жеке адамның қаржы жағдайын дұрыстауға мүмкіндік беру дегенді білдіреді. Яғни аталмыш заң жеке тұлғалардың несиесін кешіруді емес, заң аясында жауапкершілігін күшейтуді көздейді. Жеке адам банкрот болып танылса, банк алдындағы не басқа да қаржы ұйымының алдындағы қарызынан құтылады, яғни оны кейін қайтаруға міндеттелмейді. Ол үшін азамат заңда бекітілген тиісті талаптарға сай болуы керек.

Ол қандай талаптар?

  • Борышкердің атына тіркелген мүлкі болмауы керек (оған ортақ меншіктегі мүлік те кіреді);
  • Кейінгі 12 ай ішінде кредитор немесе коллекторлар алдындағы борышы бойынша бірде-бір рет төлем жасамауы керек;
  • Төлем мерзімі өткеннен кейін кемі 18 ай ішінде қарыз шарты бойынша берешекті реттеуге не өндіріп алуға талпыныс жасауы керек (мысалы, борышкер банкке несиенің пайызын өсірмеуді немесе мерзімін шегеруді сұрап өтініш жазуы керек. Осы құжат арқылы адам қарызға батпауға барынша тырысқанын, қандай да бір амалдар жасап, қарызын өтеуге ниеттенгенін білдіреді);
  • кейінгі 7 жыл ішінде банкрот болып танылмаған тұлға болуы керек.

Заң бойынша банкрот болып танылудың үш рәсімі бар:

  • Соттан тыс,
  • Сот арқылы,
  • Төлем қабілетін қалпына келтіру.

Соттан тыс рәсім қалай жүзеге асады?

Қарыз көлемі 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аз болса, соттан тыс рәсіммен құжат тапсыра аласыз. Ол үшін жоғарыда жазылған негізгі талаптарға сай келу керек. Сонымен бірге өтініш бергенге дейін 5 жыл бойы қарызын өтей алмаған адам да соттан тыс рәсім бойынша құжат тапсыра алады.

Сот арқылы банкрот деп танылу рәсімі қай кезде қолданылады?

Өзін банкрот деп танығысы келген адамның қарызы 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) көп болса, сотқа жүгінуіне тура келеді. Сот арқылы банкрот болу кезінде борышкердің мүлкі саудаға салынады. Борышкердің жалғыз үйі кепілде тұрса ғана сатылады. Кепілге қойылмаған болса, ешкім тартып ала алмайды. Мұнда кейінгі үш жылда борышкердің атына тіркелген мүлік қаралады. Сот арқылы банкрот деп танылу рәсімін қаржыны басқарушылар жүзеге асырады. Қаржыны басқарушының қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалар тізіміне заңды және жеке кәсіпкерлердің банкрот рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң кеңесшілері, аудиторлар кіреді. Олардың қызмет көрсету ақысы ең төменгі жалақы көлеміндей (70 мың теңге) болады. Тұрмысы нашар, мүлкі жоқ адамдарға бұл қызмет тегін.

Бүгінгі күні елімізде қиын жағдада қалған азаматтарды банкрот деп тану арқылы мүмкіндігінше белгілі бір талаптар арқылы жауапкершілігін көтере отырып, оның сол жағдайды қалпына келтіруге осылайша мүмкіндік беріліп отыр.

Сондықтан азаматтарымыз құқықтық тұрғыдан ғана емес, қаржылық жағынан да суатты болғаны жөн!

Ж.Б.Агедилова, Ұлытау аудандық сотының төраға міндетін атқарушысы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...