№19 мекемесінде «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы ұлттық мерекенің рөлі» тақырыбында дәріс өтті

Республика күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №19 мекемесінде «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы ұлттық мерекенің рөлі» тақырыбында дәріс өтті. «Ерекше тарихи маңызы бар мерекелер» тақырыбындағы лекцияда Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері баяндама жасады. Дәрістен кейін қатысушылар Тәуелсіздікке сүбелі үлес қосқан халық батырларымызды еске алуға арналған «Желтоқсан азабы» деректі фильмін тамашалады.
«Президентіміз айтқандай, Республика күні еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символына айналуы тиіс. Бұл күні біз еліміздің басты мерекелерінің бірін атап өтеміз. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің басты міндеті – сенімді құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті, тұрақтылықты және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету», — дейді Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №19 мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

Мемлекеттік тілге құрмет – елге құрмет

Тіл – әрбір халықтың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы,...

Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды міндеттердің бірі - мемлекеттік қызметшілердің...

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа...

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...