ҚАЖ департаментінде 9 айда атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 2023 жылдың 9 айдағы қызметінің қорытындысы шығарылды. Жедел кеңес ведомствалық бағынысты мекемелердің басшылығы мен жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Жиынды департамент бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы ашып, ҚР Ішкі істер министрі мен ҚАЖ комитеті басшылығының ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша алқа мәжіліснде айтылған талаптарын жеке құрамға жеткізді. Жедел кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары әділет полковнигі М.Нәкенов, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров сөз сөйлеп, қызметтің барлық бағыттарының жұмыс нәтижелерін баяндады. Сонымен қатар жиын барысында департамент бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы департаментке бағынысты мекемелерінде ұстау режимін қамтамасыз ету, тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу, сотталғандардың 100 пайыз жұмыспен қамтылуы, пробация қызметі бойынша қайта қылмыстық алдын алу бойынша жұмыстарды жандандырып, басты назарда ұстау қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ департемент бастығы өз тапсырмаларында үздіксіз бейнебақылау жұмыстарына, қызметкерлердің бейнетіркегіштерді міндетті пайдалануына және сотталғандардың электрондық өтініштерін беру үшін терминалдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге баса назар аударды.

Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығы ҚАЖ мекемелерінде өткен жылмен салыстырмалы түрде ауқымды жұмыстар жүргізілгенін атап өтіп, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту, олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізу және пробация қызметінің басшыларына пробация есебіндегі сотталғандар тарапынан жасалатын қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқару жөнінде тапсырмалар берді.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...