Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде 2023 жылдың 3 тоқсанындағы жұмыс қорытындысы шығарылды. Қорытынды жедел кеңеске Департаменттің, ведомстволық бағынысты мекемелердің және пробация қызметтерін басқару бөлімінің басшылығы, Департамент қызметтерінің аға құрамы мен бөлім бастықтары, ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты.
Кеңес барысында Департамент бастығы әділет полковнигі Әділет Мұстафинов Мемлекет басшысының тапсырмасын, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру жөніндегі талаптар туралы нұсқауын, ҚАЖ Комитеті Төрағасының қойған міндеттерін жеткізіп, СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті мен ведомстволық бағынысты мекемелердің жедел-қызметтік қызметінің қорытындысын шығарды.
Жалпы алғанда, 9 ай ішіндегі қызметтің қорытындылары айтылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер белгіленді, әр бағыттағы жетістіктер атап өтілді, олқылықтар мен кемшіліктер талданды. Соқыр аймақтардың жоқтығымен мекемелерді үздіксіз бейнебақылаумен қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Тыйым салынған заттардың мекемелерге кіруіне жол бермеу, сотталғандар үшін жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, бөлінген қаржы қаражатын тиімді игеру, арнайы контингент пен пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталған адамдар тарапынан қайталанба қылмыстардың алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралар талқыланды.
Департамент басшысы қызметкерлердің заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікке қатысты жұмыстарды жүргізу, қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексінің нормаларын сақтау, кадрларды іріктеу жұмысын күшейту және қылмыстық-атқару жүйесі жүйесін жаңғырту мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері мен зейнеткерлеріне тәлімгерлік қызметте белсенді жәрдемдесудің, жас қызметкерлерге кәсіби шеберлік дағдыларын игеруге және оны арттыруға, бейімделу кезеңіндегі қиындықтарды еңсеруге, қызметтік тәжірибесін беруге көмек көрсетудің маңыздылығы атап өтілді.
Жедел кеңестің соңында алдағы тоқсанда ерекше назар аударуды талап ететін бағыттар мен міндеттер белгіленді.


