Қоғамда әр адам өз өмірін ешқандай кемсітусіз сүруге құқылы. Теңдік деп — адамның жынысына, терісінің түсіне, кәсібіне және мәртебесіне қарамастан, барлық жағдайда тең болуын айтамыз. Теңдікті әр адамның өсуі мен өркендеуі үшін бірдей құқықтары мен тең мүмкіндіктері бар жағдай ретінде қарастыруға болады. Қоғамның кез-келген мүшесі тең құқықтар мен оның иелігіндегі ресурстарға қол жеткізуді армандайды, алайда көптеген әлемде әлі де кейде кемсітушіліктер байқалады.
Бұл кемсітушілік мәдени және географиялық айырмашылықтарға, адамның терісінің түсіне, әлеуметтік мәртебесіне және тіпті жынысына байланысты. Көп таралған кемсітушілік-гендерлік теңсіздік. Бұл өмірдің белгілі бір салаларымен ғана шектелетін, бірақ бүкіл әлемде кең таралған локализацияланған мәселе емес. Прогрессивті қоғамдар мен жетекші ұйымдарда да гендерлік бейімділіктің көптеген мысалдары бар. Гендерлік теңдікке ерлерге де, әйелдерге де бірдей қарау арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ал кемсітушілік — бұл бөлінуді тудыратын әлеуметтік қауіп. Бұл әлеуметтік стигма көптеген ғасырлар бойы әртүрлі қоғамдардың құрсағында болды және жынысына байланысты көрініс тапты.
Гендерлік теңсіздік бұл білімсіздік, надандық, қараңғылық дәуірінің қалдықтары, өйткені ол кезде әйелдерді кемсіту, оларға күш қолдану, қорлау, құқықтарын әбден шектеу орын алатын.
Қазіргі кезеңде өркениетті, ашық, прогрессивтік, құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда адамдардың өмір сүруіне ыңғайлы, комфортты, қауіпсіз жағдайлар жасалуы тиіс.
Жаңа ғасырда әйелдер мен ерлер қоғамда бірдей мүмкіндіктерге ие. Қазір адамдар өздерінің құқықтары мен еркіндігін қолданып, қоғамда не істей алатындығы туралы көбірек біледі, көздері ашық, көкірегі ояу. Әйелдер мен ерлер бірдей позицияны иеленіп, тең дәрежеде қатысқан кезде қоғам гармониялық үйлесімдікте алға жылжиды. Қауымдастық гендерлік теңдікке қол жеткізген кезде, барлығы игіліктерге ие болып, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіп және саяси жағынан бірдей мүмкіндіктерге ие болады. Отбасында да, еркек пен әйел мүшелеріне бірдей қарау, бұл өсу, оқу процестерін және құндылықты арттыру үшін ең жақсы әдіс болып табылады.
Шешім қабылдаудағы, денсаулық сақтаудағы, саясаттағы, инфрақұрылымдағы, кәсіптегі тең құқықтылық біздің қоғамды жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Үйде отырған әйелдердің әлеуметтік стигмасы өзгерді. Қазіргі уақытта қыздар мектепте ұлдармен қатар бәсекелеседі. Олар сондай-ақ өз кәсібінде айтарлықтай жетістіктерге жетеді. Қазіргі уақытта әйелдер тұрмысқа шыққанға дейін экономикалық тәуелсіздікке ұмтылуда. Бұл оларға қысымға төтеп бере алатындығына және өздері үшін жақсы шешімдер қабылдай алатындығына сенімділік береді, отбасыларында экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етіп, тұтас алғанда, елдің экономикалық дамуын тездетеді және жағдайын жақсартады.
1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды; 13-бабында: заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең; тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деп бекітілген. Демек, Қазақстанның Ата заңы конституциялық нормаларында гендерлік тендік қағидасы берік, мызғымас, іргетасты орын алғанын көреміз.
БҰҰ Бас Ассамблеясының «Біздің әлемді қайта құру: 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі» қорытынды құжатында 17 жаһандық мақсатты анықтады. Тұрақты даму саласындағы 5 мақсат «Гендерлік теңдік» деп аталып, ал 16 мақсат «Бейбітшілілік, сот төрелігі және тиімді институттарға» арналған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 5; 16 тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында 2023 жылғы 8 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы з.ғ.д., профессор Р.Е. Джансараеваның басшылығымен «Гендерлік зорлық-зомбылық мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға 100-ден аса тыңдаушы қатысып, спикерлерді тыңдап, сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар берілді. Гендерлік зорлық-зомбылықтың себептері мен салдары, алдын алу шаралары туралы айтылды.
2023 жылдың 27 қыркүйек күні ҚазҰУ заң факультетінің 2 курс магистранты Карабаева Ж.А. Алматы қаласының №176 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларына «Гендерлік зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында дәріс оқыды.
Жаңа ғасырдағы Қазақстанның әйелдері тәуелсіз ғана емес, сонымен бірге білімді, тәрбиелі, іскер, сауатты маман иелері. Олар қазір Қазақстан қоғамының барлық саларында қызмет атқарып, Парламентте, министрліктерде, сот жүйесінде, құқық қорғау қызметінде, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет салаларында үздік жұмыс істеуде.
Атап өтсек, спорт саласында Қазақ Ұлттық Университеті, Заң факультеті, «Құқық қорғау қызметі» мамандығының 2 курс студенті, дзюдошы Абиба Абужакынова Ханчжоуда осы жылғы қыркүйек айында өткен 2022 жылғы Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
Ал кейбір әйгілі, абыройлы қазақстандық мемлекеттік қызметкер – әйлдер туралы айтсақ, олар Аида Балаева — Мәдениет және ақпарат министрлігін, Светлана Жақыпова — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқаруда. Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқаруда. Олар Қазақстан халқының мақтанышы, әрі үміті.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика
кафедрасының оқытушылары
з.ғ.к. Досанов Мурат Ускимбаевич,
заң магистрі Досумбекова Мейрманкул Тилешовна
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
заң факультетінің 2 курс магистранттары
Қарабаева Жансая Абілқасымқызы,
Серікұлы Сәулет


