Ескелді аудандық ауруханасы стационарлық ем көрсету бойынша үздік атанды

Алматы қаласында «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» атты республикалық конкурс жеңімпаздары марапатталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған байқауда Ескелді аудандық орталық ауруханасы «Үздік стационарлық ем көрсететін медициналық ұйым» аталымы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленді.

Аурухананың терапия бөлімінің меңгерушісі Эльмира Талғатқызы:

-Біздің аурухананың әрбір қызметкері өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан осындай нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын. Біз әрдайым пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсетуге тырысамыз, — деді.

Байқауға қатысқан медициналық мекемелер «Үздік денсаулық сақтау басқармасы» аталымы, «Үздік амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым» аталымы, «Үздік стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым» аталымы, «Үздік медициналық оңалту ұйымы» аталымы, «Үздік қан қызметі» аталымы бойынша марапатталды.

Басқармаға денсаулық сақтау жүйесінде тіл саясатын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған конкурсқа белсенді қатысқаны үшін аталған министрлік атынан алғыс хат табысталды.

Единые правила к применению ИИ

В Казахстане намерены упростить получение медицинских услуг за счет...

Мейрамбек ПАЗЫЛБЕКОВ, «Poseydon» аквафермасының директоры: БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕК БИЗНЕС ЕМЕС, БҰЛ — АЗЫҚ-ТҮЛIК ҚАУIПСIЗДIГI

– Мейрамбек Жалғасбекұлы, Қазақстанда 2021–2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын...

Казахстан переходит на водосберегающие технологии

Благодаря системной работе по внедрению водосберегающих технологий орошения казахстанские...

Новый формат диалога с населением 

В АРАЛЬСКОМ РАЙОНЕ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ ДАН СТАРТ РЕСПУБЛИКАНСКОМУ ПРОЕКТУ...

Контрафакт вне закона

ЗА ПРОИЗВОДСТВО И СБЫТ ФАЛЬСИФИЦИРОВАННЫХ МЕДИЦИНСКИХ ИЗДЕЛИЙ В КРУПНОМ...