12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ел бірлігі-ең үлкен құндылық

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары – елдің өркендеуіне бағытталған өршіл мақсаттардың жиынтығы болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дамуының негізгі міндеттеріне Тұрақты даму мақсаттары аясында жүргізілетін жұмыстар бірінші кезекте атқарылуы тиіс.

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру.Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ең бастысы ел ішіндегі татулық маңызды. Тұрақты даму мүддесіне орай бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлық адамдар үшін сот әділдігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және оған негізделген мекемелер құру. Кез-келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағының амандығы келешегінің кемелдігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып-тозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлайтындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде. Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Содан болар, халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті жал­пыадамзаттық құндылықтар қатрына қосып отыр.

    Болашағы мығым елдің тағы бір сатысысы-сот әділдігі.Әділ қоғам-ынтымағы нығаяюшы ел.Сот төрелігі барысында заң­ды үкім, әділ шешім ең басты көрсеткіш. Сондықтан кәсіби біліктілігі жоғары судьялар кор­пусын қалыптастыру сот жүйе­сінің тиімділігін арттыратын ең басты алғышарт болып табылады. Бұл мәселе қашанда бірінші кезектегі маңызға ие . Осыған орай, реформа барысында судьялыққа кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары мен іріктеу тәсілдері қатаң­датылғаны бәрімізге белгі­лі. Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген бақыты, азаматтарымыздың қан мен терін аямай төгіп көтерілген биік белесі, халқымыздың мәңгілік құндылығы екенін шегелеп айтқан мемлекет басшысы сот жүйесінің де еркін жұмыс істеп, әділ үкім, тура шешім шығаруына толыққанды жағдай жасала беретінін атап өтті. Тәуелсіз елмен бірге жасасып, бірге қалыптасып, бірге түлеген сот жүйесі бүгінде материалдық-техникалық жақтан толық қамтамасыз етілген, рухани жақтан жан-жақты қолдау тапқан мықты құрылымға айналды. Ең бастысы,мемлекет басшысы Қ.Тоқаев судьялардың тәуелсіздігін бекітті, келешегінің келбетті болатынын сендірді. Сот жүйесінің ескі қағидалармен өмір сүрмей, жаңаша тыныстауына мүмкіндік жасады. Әділ қазылық ету — әр судьяның қасиетті парызы. Ол үшін заңды бес саусақтай біліп, жатқа айта білу жеткіліксіз. Ең бастысы, би, адал, әділ болып, іс бойынша шешім қабылдағанда жігерлікті, батылдықты, табандылықты көрсете білуі – заман талабы екендігін ұмытпауы қажет. Қазы — халықтың ожданы. Ол қара қылды қақ жарған әділ болса, даугерлер төреліктің дұрыстығына күмән келтірмейді. Сол сәтте айыпкер, бұзақы, жауапкер заң бұзғанға зауал бар екенін түсінеді.

Біз Мәңгілік ел боламыз деп, кемел келешегі бар мемлекет құруды көздеген халықпыз. Сот төрелігінің әділдігі мен жедел әрі толық орындалуы – кез-келген елдің кемел болмысының көрінісі. Сот жүйесінің дамуы тоқтап қалатын құбылыс немесе құрылыс емес, оны үздіксіз жетілдіріп отыру керек.

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті өз тарапымыздан жоғары аталған мақсаттарға жету жолында үлесімізді қосудамыз. Оқытушылар құрамы студенттермен дөңгелек үстел,акциялар,пікірсайыс т.б өткізуде. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі.

Бисенова М.Қ

Атаханова Г.М

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары

Худайбергенов Ж

Заң факультетінің магистранты

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...