Елімізде болып жатқан отбасылық және тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында Қармақшы аудандық пробация қызметі, аудандық прокуратура, аудандық балаларға қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен бірлесіп, Қармақшы аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша аралау жұмыстары жүргізілді.
Аралау барысында сотталғанның отбасымен жоғарыда аталған орган қызметкерлері жеке әңгіме сұхбат жүргізе отырып, отбасы тұрмыстық қарым қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтармен қылмыстарды ескерту, зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ, ақпараттық насихаттау шаралары жүргізіліп жатқанын ескертіп, отбасының тыныс тіршілігімен танысты.
Кездесу барысында сотталғанның туған туыстарына, сотталғанның жаза өтеу тәртібімен талаптары, міндеттерімен жауапкершіліктері түсіндіріліп, оның қайта қылмыспен құқық бұзушылыққа және жаза өтеу тәртіп бұзушылыққа баруының алдын алу үшін, өз тарапынан оң ықпал жасауы сұралып, сотталған тарапынан отбасына қатысты қандай да бір зорлық-зомбылық іс-әрекеті байқалған немесе болған жағдайда пробация немесе полиция бөліміне хабарлау керектігі түсіндірілді.


