Арал аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі сотталғандармен қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы және оның алдын алу іс-шаралары бағытында жүйелі жұмыстарды атқарып келеді.
Бүгін аудандық сот залында ашық сот отырысы өтті. Сот отырысына қайта қылмыс жасауға бейім пробация қызметінің есебінде тұрған 3 сотталған «сабақ алу» мақсатында қатыстырылды.
— Пробациялық бақылау белгіленген азаматтарға сот жүктеген міндеттерді орындау, жаза өтеу тәртіптерін бұзбау және бақылаудан жасырынбау, ойын-сауық орындарына бармау, мекенжайды рұқсатсыз тастап кетпеу секілді міндеттерін түсіндіріп, жаза өтеу тәртібін бұзған жағдайда жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылатындығы жөнінде ескертіп, толық ақпараттандырылады.
Дегенмен осы талаптарды орындамай, бас бостандығынан айырылып түзеу мекемесіне жіберіліп жатқандар да аз емес. Жыл басынан пробациялық бақылауда тұрғанына қарамастан, бірнеше рет сот жүктеген міндеттерді бұзған 5 сотталған сот қаулысымен бас бостандығынан айырылып,өтелмеген жаза мерзімін түзеу мекемесіне өтеуге жіберілді, — деді әділет подполковнигі Серік Сейталиев


