Қазақстан білімі мен ғылымының қарашаңырағы атанған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл толғалы отыр

Жақында еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрыл­ғанына 90 жыл толғалы отыр. 1934 жылдың 15 қаң­тары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы универ­ситеттің ресми ашылу күні болып саналады. Университет құрылғаннан бері Қазақстанның әлеуметтік-саяси өміріне және экономикасына зор үлес қосып келеді. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы уни­верситеттің біріне айналды.

Ғылыми әлеуетті дамыту – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтың бірі. Елбасының отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының алдына ғылыми әлеуетті арттыру мәселесін қойып отыр. ҚазҰУ – сапалы білім берумен қатар, іргелі ғылымды дамытуға да үлкен үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны. 

Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте 25 мыңнан астам студент пен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар білім алуда. Сондай-ақ заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әлемнің ең ірі 400-ден аса халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан.

Балапандай қанат қаққан, әрбір жас тұлғаны бауырына басып дамуына үлес қосып келе жатқан маңдай алды университет ол – ҚазҰУ. Әрбір студент еліміздің болашағы. Сапалы маман даярлауда біздің университет алдыңғы қатарларда жүр. Білімнің қайнар ошағы болып отырған қара шаңырақ заманауи білім беруден де қалыс қалып жатқан жоқ. Әлемдік озық елдерге студенттеріміз барып оқып келіп тәжірибе жинап университетте дуалды жүйе де қалыптасып теория мен практиканы қатар дамытып жатыр. Оқимын деген әрбір тұлғаға жан-жақты көмек пен мүмкіндік жетерлік. Танымал профессорлар мен білімді ұстаздардан білім алған студенттеріміз жақсы жерлерде қызмет атқарып жүрген жандар аз емес. ҚазҰУ білім мен тәрбиенің ошағы, қара шаңырақтан білім алған әрбір тұлға мемлекет болашағы. Тарихы тереңде жатқан қаладағы тарихи университетім менің саған алғысым шексіз!

Заң факультетінің 1 курс магистранты Темирхан Аружан

Жетекшілері: з.ғ.к., доцент – Бисенова М.Қ.

з.ғ.к., профессор – Атаханова Г.М.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...