Астанада альпинистер биіктен құлады: бір адам қаза тапты

Астананың құрылыс алаңының бірінде 4 өнеркәсіптік альпинист биіктен құлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакция оқырмандары хабарласып, 12 қазанда түстен кейін салынып жатқан тұрғын үй кешені аумағында оқыс оқиға болғанын айтқан. Ақпаратқа сәйкес, адамдар биікте жұмыс істеп жатқан кезде 9-қабаттағы альпинистік жабдықтан құлаған. Олардың ішінде 1999 жылы туған 3 альпинист және 2002 жылы туған тағы бір жігіт болған. 24 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Елордалық құқық қорғау органдары мұндай дерек тіркелгенін растады.

«Жұмысшылардың құрылыс нысанында құлау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» соталды тергеу басталды.

Жедел жәрдем бригадасы келгенше 1 жұмысшы оқиға орнында қаза тапты, қалған 3 адам ауруханаға жатқызылды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деді Астана ПД баспасөз қызметі өкілі.

Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылардың қатарына...

Казахстан вошел в число лидеров промышленного роста в ЕАЭС по итогам 2025 года

Казахстан стал одной из стран-лидеров Евразийского экономического союза по...

Потребность внутреннего рынка в минеральных удобрениях составляет порядка 2,3 млн тонн в год

Поводом для депутатского запроса послужило производство минеральных удобрений для...

Казахстан формирует единые стандарты применения искусственного интеллекта в школах

✔️Основная цель Указа – обеспечение устойчивого развития Республики Казахстан...