Әлемде жыл сайын адам баласының қатігездігінің салдарынан көптеген жануарлар жойылуда. Жануарларға қатыгездік жасау — бұл қинау, ұрып-соғу әдістерін қолдана отырып немесе жас балалардың көзінше жасалған және жануардың өліміне, мүгедектігіне әкеп соқтырған жануарларға адамгершілікке жат және қатыгездікпен қараудан тұратын қоғамдық қауіпті, заңсыз және жазаланатын әрекет. Үй жануарларына жасалатын қатыгездіктің саны көбеюде. Оларды асырайтын арнаулы орындардың аз болуына байланысты, олар далада қаңғырып, аса қатыгездікке тап болуда.
Қараусыз қалған ит пен мысықтар ғана емес, үйдегі жануарларға да қатыгездік көрсету жиі көрініс алады. Жануарларға қатыгездікпен қарау – оларды сусыз, тамақ бермей, ерекше суық немесе ыстық жерлерде ұстау, ұрып соғу, олармен ғылымға негізделмеген тәжірибелер жүргізу, оларды азаптап өлтіру болып табылады.
Ең өкініштісі бұл қауіпті іс-әрекеттердің әлі де тыйылмай тұрғаны. Жануарлар да адамдар сияқты жақсы тіршілікке лайық. Жануарлар-біздің экожүйеміздің маңызды бір бөлігі, бірақ кейде біздер олардың да тіршілік иесі екендігін ұмытып кетудеміз.
Жануарлардың терілері тоқыма өнеркәсібінде қолданылады. Олардың терісі мен денесіндегі жүндер біз қолдана алатын экзотикалық тіндерді жасау үшін қолданылады. Жануарлардың тістері, мүйіздері, терісі мен жүні үй декорын жасау үшін қолданылады. Үйлерімізді безендіру үшін әдемі болғанымен, жануарлардың қаншалықты қиналатындығы туралы ойланбаймыз.
Жануарларға қатыгездікке ықпал ететін тағы бір сала-косметика өнеркәсібі. Кез келген сұлулық өнімдерін сатып алғанда, біз әрқашан олардың теріміз үшін қауіпсіз екеніне көз жеткіземіз. Бірақ біз бұл өнімдердің бізге жетпес бұрын жануарларға сыналатынын түсінбейміз. Химиялық заттар көбінесе жануарлардың денесіне енгізіледі немесе олардың терісіне қолданылады. Кейде бұл олардың көз алдында да тексеріледі. Егер сынақ сәтті болмаса, бұл кейде жануардың өліміне әкеледі. Бірақ адамдар жануарларды өз мақсаттары үшін азаптауды жалғастыруда. Тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктеріне келетін болсақ, мұнда, әрине, интернет желісінен фильмдер, бейнероликтер, бейне ойындар, ақпаратты қарау кезінде алынған дағдылар, белгілі бір тәжірибеге, әдеттер мен білімге ерекше назар аударылады. Өйткені оның нәтижесі қатыгездікке әкеп соғады. Қазіргі уақытта бұл тек кәмелетке толмаған адамдарға немесе жастарға ғана емес, сонымен қатар үлкен жастағы адамдарға да қатысты.
Жануарларға қатыгездік көрсету халықаралық деңгейде алаңдатушылықты тудырып жатқан проблема. Бұл мәселені шешу және мүлдем жою қажет.
Осыған байланысты БҰҰ Бас Ассамблеясының «Біздің әлемді қайта құру: 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі» қорытынды құжатында 17 жаһандық мақсатты анықтады. Тұрақты даму саласындағы 15 мақсат «Құрлық экожүйелерін сақтауға» арналған, ал 16 мақсат «Бейбітшілілік, сот төрелігі және тиімді институттар» деп аталады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 15, 16 тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында 2023 жылғы 15 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы з.ғ.д., профессор Р.Е. Джансараеваның басшылығымен «Жануарларға қатыгездіксіз қала» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға 100-ден аса тыңдаушы қатысып, спикерлерді тыңдап, сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар берілді.
2023 жылдың 28 қыркүйек күні ҚазҰУ заң факультетінің 2 курс магистранты Карабаева Ж.А. Алматы қаласының №176 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларына «Жануарларға қатыгездік үшін жауапкершілік» тақырыбында дәріс оқыды, ал магистрант Серікұлы Саулет 2023 жылдың 10 қазанында Алматы қаласы №110 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу — басты міндет!» тақырыбында дәріс өткізді.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабында жануарларға қатыгездікпен қарау іс-әрекетін жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Ал Қылмыстық кодекстің 337-бабы заңсыз аңшылық үшін, 338-бабы жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын бұзғаны үшін, 339-бабы өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейді.
Өкінішке орай, күн сайын дүниежүзінде көптеген жануарлар мен құстар үй жануарлары деп сатылады, оларды торларда, ұяшықтарда ұстайды немесе шынжырлап қояды. Жануарлардың, құстардың бір бөлігі жақсы күтімде, ал кейбіреулерін иелері күтімсіз қалдырып, бір бөлігі мейірімсіз адамдар тарапынан қатыгездік көруде.
Біздің пікірімізше, адамдар жер бетіндегі ең ақылды тіршілік иелері ретінде жануарлардың, құстардың өміріне қиянат жасауды доғарып, оларға мейірімділік таныту керек. Жер бетіндегі барлық нәрсенің өзіндік мақсаты бар. Жануарлар біздің экожүйемізді теңестіруге көмектеседі және адамзат тарапынан қорғалуы тиіс.
Досанов Мурат Ускимбаевич
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика
кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к.
Қарабаева Жансая Абілқасымқызы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
заң факультетінің магистранты
Досымбекова Мира Тилешовна