Тергеу мекемесінде сотталғандардың жеке жұмыстарымен кімдер айналысады

Қатаң тәртіп, талапшылдық, тазалық пен асқан  жауапкершілік бұл- Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінің Арнайы есепке алу  бөліміндегі  жұмыс жасайтын  қызметкерлердің барлығына тән  басты қасиет. Қызмет пен отбасыны қатар ала білген арулардың қандай қызмет атқаратынын, сондай-ақ, отбасын қалай қатар алып жүргендігі туралы бөлім бастығы, әділет майоры Фариза Сембаева баяндады.

Біздің Арнайы есепке алу  бөлімі мекеме қамауында отырған арнайы контигенттердің жеке істерін жүргізу жұмыстарымен, құжаттары бойынша жұмыс атқарады. Бөлімде 6-қызметкер бар. Оның төртеуі аттестатталған болса, екеуі ерікті жалдамалы қызметкерлер. Бұл қызметкерлер   «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің ҚАЖ Комитетінің тергеу мекемесінде ұсталынатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 18 ақпанындағы №87 бұйрығымен, ҚАЖ комитетінің 13.02.2017 жылғы №107 жылғы бұйрығы «Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық – атқару жүйесінің  мекемелеріне жіберу қағидаларына (2014ж 13 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы « ҚР Ішкі  істер  мекемелерінің 2022ж 23 мамырдағы №370 бұрығын, ҚР Заңдарын, басқа да, нормативтік – құқықтық актілерді, арнайы есеп бөлімінің қызметін реттейтін ведомствалық бұйрықтар мен нұсқаулықтарды басшылыққа алады. Барлық қызметкерлер өзінің бекітілген лауазымдық міндеттеріне сай қызмет атқарып келеді. Яғни, сотталғандардың сот үкімі шыққан  сәттен бастап бар жеке дерегі осында сақталады. Егер  қайта сотқа шақыртылған болса немесе сот үкіміне  өзгертулер енсе, рақымшылық жасалса, заң негіздеріне  сүйене отырып, барлық құжатты топтастырамыз. Жауапкершілік пен ұқыптылық біздің бөлімге ауадай қажет. Өйткені мұнда  әр азаматтың тағдырының үкімі кесілген. Сондықтан біз, қамаудағылардың құжаттарын толтыруға  аса жауапкершілікпен қарап, әр ісімізді тиянақты атқарып жүрміз — деп,  жауап берді ресми түрде бөлім бастығы әділет майоры Сембаева Фариза Нұрділдәқызы.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...