Қазақстанда су айдындарының ластануы, жалпы су мәселесі әрдайым өткір тұр. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тиімділігін қамтамасыз ету мәселесі стратегиялық маңызды міндет екенін бірнеше рет атап өтті.
Осы орайда, ЮНЕСКО және Тұрақты даму мақсатының «Таза су және санитария» атты 6-тармағын жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика кафедраның профессор-оқытушылар құрамы және 6В12301-«Құқық қорғау қызметі», 6В04205-«Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылармен Іле Алатауының Есік шатқалындағы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының оңтүстік батысындағы Есік көлінде болды.
Есік көлі – Есік қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Соңғы уақытта тұрғындардың демалыс орнына айналған көлдің суы тартылып, кішкентай көлшікке айналған. Адамзат баласы суды қорғауы, таза суды сақтауы тиіс.
Демек, суды қорғау — адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді. Суды қоқыстанудан қорғау мақсатында кафедраның ПОҚ және 6В12301-«Құқық қорғау қызметі», 6В04205-«Құқықтану» БББ бойынша білім алушылармен Есік көлінің жан-жағын тазалау шараларын жүзеге асырды.
Себебі, жер бетінде судың үлесі көп болғанымен, адамзат кәдесіне жарайтын таза ауызсудың мөлшері өте аз. Ауыз суды ұтымды пайдаланудың бір ғана жолы бар, ол – үнемдеу, таза ұстау. Есік көлінің жан-жағын тазалау шараларын жүргізу, ауызсу пайдаланудың, суды таза ұстаудың, суды қорғаудың мәдениетін қалыптастыруға, жастарға берер тәрбиесі мол.
Ендеше, «суды сақтасақ, өмірді сақтаймыз» деген сөзді жадымызда сақтап, суды ысырап етпеуге, таза ұстауға тырысуымыз керек. Сондықтан суды тұтыну мәдениетін меңгеріп, ысырапқа бой алдырмай, «Судың да сұрауы бар» екенін ескерген жөн.
«Жер – қазына, су – алтын» деген бабаларымыз су қадірін жақсы білген. Себебі сусыз өмірді елестету мүмкін емес. Суды «өмір» деп те атауға болады.
Даубасов Сабит Шынжырханұлы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультеті
Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және
криминалистика кафедрасының қау. профессоры, з.ғ.к.


