Тергеу мекемесінде сотталған азаматар мен жиі кездесулер өтеді

«Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының филиалы өңірімізде өз жұмысын бастағалы да үш жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде аталған қордың теологтары мен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің  АКАӘПТЖБ-нің теологиялық оңалту жұмыстарының ұйымдастыру тобының  инспектор теологы әділет лейтенанты Темірбек Сәулеттің ұйымдастыруымен қор жетекшісімен кездесу өтті. Кездесуде қордың өңіріміздегі жетекшісі ретінде  Ислам Каюпов келді. Маманның  айтуынша білікті мамандарды жұмыспен қамтып отырған аталмыш қордың жұмысы қазіргі таңда өз жемісін беруде.

Осы орайда қор жетекшісі сотталған азаматқа «Ақида мәселесі» және Мәтуриди ақидасы қазақ халқының хақ сенімі екендігін түсіндіріп, дәлел ретінде қазақ хандығы дәуірінде өмір сүрген ақын-жыраулардың поэзиясына да зер салып, қазақ халқының Хақ дінді берік ұстанғанынан хабардар бола алатындығымызды жеткізді. Оған мысал ретінде Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Ақтамберді, Бұқар, Шөже Махамбет және т.б. еңбектерінде Ханафи-Мәтуриди сенім мектебінің сарыны айқын аңғарылады. Тіпті олардың ізін басқан Ыбырай Алтынсарин, Хакім Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрімдер де Мәтуриди ақидасына берік болғандығын сотталғандарға тарихи дәлелдерді келтіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осыған орай жазасын өтеуші азаматтар өз ойларымен бөлісіп отырды.

Екі жақты кешенді түрде жүргізіліп жатқан жұмыстар қазіргі таңда өз нәтижесін беріп жатқандығын нық сеніммен айтуға болады. Алдағы уақытта да осы дәстүр бойынша жұмыстар өз жалғасын тауып, көптеген нәтижелерге қол жеткізілетініне сенім мол.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде Ақниет ақпараттық насихаттау оңалту орталығының жетекшісі Каюпов Ислам сотталған азамат пен жеке кездесті.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...