Ақтөбеде пробация есебінде тұрғандар бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, жұмысқа жолдама алды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтар «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ және Ақтөбе қаласының мансап орталығы филиалы ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатыстырылды.

Жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, экономикалық-әлеуметтік тұрмысты жақсартуды мақсат еткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде өндірістік және жеке оқу орталықтары, қызмет көрсету саласы бойынша 40 мекемелер мен кәсіпорындар қатысып, өздеріндегі 238 бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңкеде жас мамандарға мамандықтары бойынша жастар тәжірбиесіне бағыттау және енгізілген жаңа бағдарлама «Ұлттық жоба» аясында белсенді шаралар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бағдарлама аясында кәсіпкерліктің бастамасы — қайтарымсыз грант туралы да ақпарат берілді. Сондай- ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері қызметке түсу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жәрмеңкеде пробация қызметінің есебiнде тұрған 3 жұмыссыз сотталған жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...