Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №15 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында «теріс ниетті іс-әрекеттерді болдырмау және алдын-алу» мақсатында, САТжӘПЖБ психологиямен қамтамасыз ету тобының аға-инспектор психологы әділет майоры Ш.Ы.Максимова мен САТжӘПЖБ теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты А.А.Мукашев бірлесе отырып іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты: жазасын өтеуші сотталғандар арасында теріс ниетті іс-әрекеттерді болдырмау және алдын алу.
Қазіргі кезде мекемелердегі өзекті мәселелер: «өзіне-өзі қол жұмсау, өз дене мүшесіне зақым келтіру және деструктивті жалған діни ағымдар жетегіне еруі».
Іс-шараға «Ақниет» ақпараттық қоғамдық қорының теологы, Атырау облысы бойынша орталық мешітінің найб имамы, РАНТ мүшесі Мұрат Мустафаев, жеке коуч психолог Ержанова Динара арнайы шақыртылды.
Қазіргі уақытта қоғамда көптеген жастар «діни сауатсыздықтың» салдарынан «теріс» діни бағыттарын қабылдап, нәтижесінде «қайғы-қасіретін» тартып отырғандығы жөнінде көптеген мағлұматтар берілді.
Шара барысында «Ақниет» ақпараттық қоғамдық қорының теологы, Атырау облысы бойынша орталық мешітінің найб имамы, РАНТ мүшесі Мұрат Мустафаев сөз сөйлеп, аталған «орны толмас кемшіліктер» жастардың діни сауаты болмаса да ғаламтор арқылы түрлі сайттардың ақпараттарын қарап, нәтижесинде радикалды бағыттағы топтардың «арбауына» түсетіндігін түсіндірді.
Іс-шара соңында жеке коуч психолог Д.Ержановаға сөз берілді. «Дегенмен, мұсылман баласы үшін өзіңе-өзің қол жұмсау ауыр күнә екендігі еш күмәнсіз. Өйткені, жан – Жаратушының адам баласына берген ең қасиетті аманаты. Өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат. Дінге сенімі бар адам өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі, өткінші деп қарайды. Әрбір қиындықтан кейін, жеңілдіктің келетініне сенеді. Жаратушыдан үмітін еш үзбейді. Сабыр етеді. Өмірдің ең қиын сәттерінде де өзін өлтіруге бармайды. Ендеше, өзін-өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы басты себепті «сенім» деп білген жөн екендігін айта кетті. Иманы толық адамдарда қандай да бір қайғыны жабыла көтеру, қиыншылыққа ортақтасу деген бар. Ал имансыз жандарда мұндай жағдайлар кездесе бермейді. Сол себепті қиналған кезде қайғысы еселеніп, бұл дүниеден қашудан басқа жолы қалмайды. Өйткені, о дүниеге деген сенім жоқ. Сөйтіп, онсыз да қызығы қашқан өмірінен баз кешіп, бұл жалғанмен қош айтысып кете барады».
Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Яғни, өмірімізге қажетті нәр ала білсек, бұл проблеманы еңсере алатынымыз күмәнсіз.


