Пробация есебіндегі азамат балық аулау жарысына қатысып жүлделі орын алды

Арал аудандық Жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен Аманөткел елді мекеніндегі Арал теңізінің жағасында балық аулаудан жарыс өтті. Жарысқа аудан ажастарымен бірге пробация есебіндегі сотталғандар да қатысты.
Жарыс шарты бойынша межелі уақыт ішінде кім көп балық ауласа сол азаматтар жарыс жеңімпазы атанды.
«Мен үшін балық аулау күнделікті күйбең тірліктен шаршағаныңды басатын, таза ауада, тұнық судың бойында жүйкең демалатын спорт түрі. Қолым қалт етсе қармағымды алып балық аулауға барамын.Балыққа қажетті құрал- жабдықтардың барлығы менде бар. Әр демалыста отбасымды алып, балыққа шығуды әдетке айналдырдым. Балаларыма да балық аулаудың қыр сырын үйретіп, осы кәсіпке баулып жүрмін. Бүгінгі жарыста қармағыма балық ілініп, қанжығам майланып, олжалы болдым. Балықшылар арасынан жүлделі 2 орын жеңіп алып, дипломмен сыйлықпен марапатталдым,- деді есептегі азамат.
Осылайша, аудан жастары мен есептегі азаматтар арасында салауатты өмір салты насихатталып, ерекше спорттық жарысты ұйымдастырған аудандық жастар ресустық орталығына пробациялық бақылаудағы азаматтар шексіз ризалығын білдірді.


Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...