Жұлдызды зейнеткерлер отбасы

70 жылдық мерейтойы күні №19 мекеменің жеке құрамы, қылмыстық-атқару жүйесі ардагері мен оның жұбайы ішкі істер басқармасының ардагерін «Халықаралық қарттар күні» мерекесімен құттықтады. Ерлі-зайыпты Утепкалиев Айтжан Қазиханұлы мен Утепкалиева Татьяна Анатольевна 20 жылдан бері құрметті демалыста.

Айтжан Қазиханұлы қылмыстық-атқару жүйесінде колония бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі көмекшісі, Татьяна Анатольевна ішкі істер басқармасында бас бостандығы шектелген тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінде инспектор болып қызмет атқарды. Қылмыстық атқару жүйесінің запаста майоры Утепкалиев Айтжан қызмет атқарған кезінде 100-ден астам жас қызметкерлерге тәлімгерлік етті. Ол ұзақ жылдар бойы жас қызметкерлерге өзінің білімі мен тәжірибесін жеткізіп қана қоймай, олармен өмірлік кеңестерімен де бөлісті. Ол өзі тәлімгерлік жасаған барлық қызметкерлердің бойына кәсіби мақтаныш, таңдаған мамандығына деген жауапкершілік сезімі мен патриоттық сезімін оята білді.

«Ішкі істер органдарына қызмет етуге келген жас ұрпақ аға ұрпақтың даңқты әскери дәстүрлерін лайықты жалғастырып, қызметтің сынақтарына абыроймен төтеп беріп, қызметтік борышын өтеудің үлгісі болады деп әрқашан сенемін.» , – дейді мерейтой иесі.

«Біз Татьяна Анатольевнаны үйден таппадық, өйткені ол Айтжан Казиханұлының мерейтойын ұйымдастырумен айналысуда екен. Кездесу барысында біз ардагердің әңгімесін тыңдап, қызмет еткен кездегі фотосуреттерді тамашалап үлгердік. Казиханұлы сияқты жайдарлы жанды кездестіру біз үшін өте қуанышты, әрі пайдалы болды», — дейді №19 мекеменің кадр саясаты бөлімінің бастығы Дидар Жұмаханова.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...