12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мәжбүрлі еңбекті меңсінбеген сотталған қамауға алынды

Әлбетте, барлық адам бірдей тәртіп пен талапты бұзбай күн кешпесі анық. Өмірдің өткелінен сүрінген, абайламай от басып, опық жеген сол азаматтар ақырында сотты болып, темір тордың арғы жағынан шығып жатқан жайы бар. Ал өмірі тар қапаста өтіп жатқан сол жандар сары уайым мен сарсаңға салынып, қайғы қысқан уақытта жаны жай таба алмай, өкініш өзегін өртейтіні сөзсіз.
Ойнап жүріп от басқандар өзінің қателігін түсінсінуі үшін осыдан үш жыл бұрын Пробация қызметі құрылды. Пробация қызметі — қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенетенциарлық) жүйесінің органы.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде әртүрлі санаттағы сотталған азаматтар есепте тұрады. Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзып, темір торға тоғылып жатқандар да кездеседі.
Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Түркістан қалалық пробация қызметіне екі ай бұрын тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған жас азаматтың қателігін өзгелер қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.
2023 жылыдың шілде айында бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған Бекзат Түркістан қалалық соты бойынша пробация есебіне алынған болатын. Өзіне берілген мерзімде құқық бұзушылыққа жол бермей, өзіне жүктелген міндетті орындамаудың салдары қатаң жазаға алып келіп соғатынын әсте ойламаса керек. Ол ҚР ҚК 300 бабы бойынша жазаға тартылған болатын. Өзінің қоғамға келтірген зиянды әрекетінен сабақ алмай профилактикалық іс-шара барысында тіркелуге келмей, кешкі уақытта тұрғылықты мекен-жайында болмай, сондай-ақ, ақысыз еңбекті орындаудан бас тартқан.
– Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат жаза өтеу шарттарымен Сот жүктеген міндеттерді біле тұра, Сотпен жүктелген 100 сағат мәжбүрлі еңбекті орындамағаны үшін және де Түркістан қаласының әкімшілік аумағынан шығып кеткені үшін, Пробация қызметкері белгілеген кестеге сәйкес тіркеуге келмегені үшін, түңгі 22:00-ден кейін тұрғылықты мекен-жайында бірнеше рет болмағаны үшін Түркістан қалалық сотының қаулысымен бас бостандығын шектеу түріндегі жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Түркістан қалалық пробация қызметінің есебіне алынған алғашқы күні бұл азаматқа өзінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілген болатын. Алайда бұл азамат жаза өтеу барысында өзіне сотпен берілген мүмкіндікті тиісті деңгейде орындамады. Оған жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып сотталушы азаматтың жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді, — деді Түркістан қалалық ПҚБ-нің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абдуали Мұхамбетқалиев.
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген ұлағатты сөзді әрбір еліміздің азаматы есте сақтаса екен. Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе әрбір Қазақстан Республикасының азаматы, бірінші кезекте ата Заңымызды сонымен қатар барлық іргелес заңдарда көрсетілген талаптарды сақтап, артымыздан өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымызға өнеге және үлгі болу керек.

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

9-14 мамыр аралығы Алматы облысында Халықаралық «Ұлы дала жорығы»...