Жемқорлықпен күрес күшейіп келеді

Елімізде жыл сайын жемқорлықпен күрес күшейіп келеді. Өйткені жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін уақыт сұранысына са онымен күрес тәсілдерін жетілдіру қажеттілігі сезіліп отыр. Заңнамаларды күшейтіп қана қоймай, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, жемқорлыққа тосқауыл қоятын сандық технологияларды енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар нәтижесіз де емес.

Осы орайда атап өтер жайт, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңыздылығын айта келіп, «еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күресу – баршамызға ортақ міндет. Бұл бағытта соңғы үш жылда біраз шаруа атқарылды. Мысалы, осындай қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Бұдан былай олардан қайтарылған қаражат мектеп салуға жұмсалады. Жемқорлықпен күрес тиімді болу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ құзырлы орган басшыларының жауапкершілігі артты. Бір сөзбен айтқанда, жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды, жалғаса береді. Сонда ғана біз осы індеттен таза қоғам құрамыз. Бұл – менің стратегиялық мақсатым», – деген болатын. Президент атап өткендей жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтаған емес, үнемі жетілдіріліп, күшейтіліп келеді. Соның арқасында жазадан шенеуніктер де құтылып кеткен емес. Яғни жемқорлықсыз қоғам құру басты мақсатымыз болып отыр.

Жалпы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2019 жылы маусымда құрылған сәттен бері көптеген жұмыс атқарды. Жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі белсенді дами бастады. Атап айтқанда, жаңа құқықтық институттар, өзіне бағынышты қызметкерлердің жемқорлық қылмысы үшін саяси және мемлекеттік тұлғалардың қызметтен кетуі, адалдыққа тексеріс, нормативтік-құқықтық актілерге жемқорлыққа қарсы жүргізілетін сараптама және тағы да басқа бастамалар осы санатқа кіреді. Сондықтан еліміздің бұл бағыттағы жұмыстары нәтижелі деп айта аламыз.

Абенова Жанат Тлеубаевна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының төрағасы

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

Коррупция является одной из наиболее серьезных проблем современного общества....

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлық-қазіргі қоғамның ең маңызды мәселелерінің бірі. Бұл мемлекетке...

Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылардың қатарына...

Казахстан вошел в число лидеров промышленного роста в ЕАЭС по итогам 2025 года

Казахстан стал одной из стран-лидеров Евразийского экономического союза по...

Потребность внутреннего рынка в минеральных удобрениях составляет порядка 2,3 млн тонн в год

Поводом для депутатского запроса послужило производство минеральных удобрений для...