Бала құқығын қорғау біздің елімізде басты құндылықтардың бірінен саналады. Бұл мәселені түбегейлі және жан-жақты шешу үшін бірқатар халықаралық заңнамалық құжаттар әзірленіп, 1989 жылы 20 қарашада елімізде Балалар құқығы жөніндегі конвенцияға қол қойылды.
Балалар да ересектер сияқты қоғамның негізін қалаушы болашақ жас өскін. Оларға ерекше қамқорлық керек. Балалар да сыйлау, қол тигізбеу, абыройын сақтау сияқты құқықтарға ие. Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заңдар балаларымыздың қандай да бір кемсітушілікке тап болмауын көздейді.
Қазақстан Республикасының 2002 жылы тамыз айында шыққан «Балалар құқығы туралы ҚР Заңында»:
-балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету, олардың бөлінушілігіне жол бермеу;
-балалардың құқықтары бұзылған жағдайда қалпына келтіру;
-балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ұйымдар құру;
-балаларда патриоттылықты тәрбиелеуге көмектесу туралы тармақтар бар.
Халықаралық және елімізде қабылданған осындай заңдардың аясында және оларды басшлыққа ала отырып, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты биылғы жылдың 8 айында ата-ана құқығынан айыру туралы 37 іс, ата-ана құқығын шектеу туралы 41 іс, балалардың тұрғылықты мекен-жайын анықтауға байланысты 52 іс, әкелікті қалпына келтіру туралы 96 іс қараған. Сотта қаралған барлық істерде балалар құқығының қорғалуы жан-жақты қамтамасыз етілді.
Е.Тоқсанбай,
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас маманы.


