ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (Әдеп жөніндегі уәкіл) Р.Кулмуханов сот қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Семинар барысында Р.Кулмуханов мемлекетті қызметшілер әдебін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау қажеттігіне назар аударды.

Сот қызметкерлерін сыпайы және жауапты болуға, ашықтық пен клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтауға шақырды.

«Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тұлға болып табылады және қоғам алдында қоғамдық жерлерде үлгілі мінез-құлық үлгісі болуы қажет», — деп толықтырды Р.Кулмуханов.

Сондай-ақ, спикер қоғамның барлық салаларында мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың маңыздылығын атап өтті. Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану мәселелеріне ерекше мән берді.

«Әр адам қазақ тілінің дамуына өз үлесін қосып, оның мәртебесін көтеру жөнінде шаралар қабылдауы, қазақ тіліне қызметте ғана емес, күнделікті өмірде де басымдық бере отырып, оның қолданылу аясын кеңейтуге ықпал етуі тиіс. Рухани құндылықтардың бірі ретінде қазақ тілін құрметтеу отбасынан бастау алуы қажет.Ата-ана ретінде біз өз тілін жетік меңгерген және оны құрметтейтін дені сау, патриот ұрпақты тәрбиелеуге назар аударуымыз қажет», — деп қорытындылады Р.Кулмуханов.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...