Данияр Қобыландин Бүкіләлемдік Көкпар қауымдастығының Президенті болып сайланды

Дүниежүзілік көкпар қауымдастығына Данияр Қобыландин басшы болды. Мұндай шешімді бірлестік мүшелері кезекті конференцияда ашық дауыс беру арқылы қабылдады.

Данияр Жаңабайұлы 1984 жылы дүниеге келген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі, Президент әкімшілігі мен Көлік министрлігінде жауапты қызметтер атқарған. 2013 жылдан бері еліміздегі беделді кәсіпкерлердің бірі болып саналады.
Дене шынықтыру және спорт саласында мол тәжірибесі бар. 2018-2022 жылдар аралығында «Аударыспақ» федерациясының Президенті болып, нәтижелі еңбек етті.

«Үлкен сенім үшін баршаңызға алғыс білдіргім келеді. Мен қауымдастықтың қызметін жоғары деңгейге көтеру үшін барлық күшімді салып, мүмкіндіктерді пайдаланамын. 2024 жылы Қазақстанның астанасы Астана қаласында Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны өтеді. Яғни, мойнымызда үлкен жауапкершілік тұр. Сондай-ақ, алдымызда ұлттық және дәстүрлі ат спорты ойындарын одан әрі дамыту бойынша үлкен міндеттер бар. Иә, түрлі елдерде ойынның атауы әртүрлі, бірақ ойын ережесі бірдей» — деді Қобыландин.

Сондай-ақ, форумда Венгрияның көкпар қауымдастығын (кобори) және Пәкістанның бузкаши федерациясын Дүниежүзілік көкпар қауымдастығының құрамына қосу туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, аталған жиынның екінші кезеңін 28 қазанда Алматыда өткізу жоспарланып отыр. Онда ұлттық және дәстүрлі ат спорты ойындарын одан әрі дамыту жөніндегі шұғыл міндеттер және Дүниежүзілік көкпар қауымдастығының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралады.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...