12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тұрғын үйді жеке меншігі санайтын «ОСИ»-ден қалай құтыламыз?

2020 жылдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй шаруашылық мәселелерін түзету туралы заңға қол қойды.

2020 жылдан бастап Қазақстанда тұрғын үйді басқарудың нысандары өзгерді. Енді ПИК-ті (КСК) мүлік иелері бірлестігі (МИБ — ОСИ) алмастырады. Яғни көппәтерлі үйдің тұрғындары МИБ арқылы ақшаның қалай жұмсалғанын бақылап, күрделі жөндеуге қаржы жинауға мүмкіндігі бар.  Нәтижесінде тұрғын үйді басқарудың жаңа формасы — «бір үй — бір мүлік иелерінің бірлестігі» механизмі енгізілді. Сондай-ақ тұрғындар арнайы есепшотқа ақша жинап, екінші деңгейлі банктен күрделі жөндеуге кредит алуға мүмкіндік берілді. Жеке меншік пәтер иелері өздері тұрған үйдің кіреберістері мен  баспалдақ тазалығын, үйдің сыртқы тазалығын  МИБ (ОСИ) арқылы жөнге келтіре алады.  

Астана қаласында жиырмадан артық қабаттан тұратын көп пәтерлі жылдан жылға көбейіп келеді.  Үйдің тұрғындарынан бөлек пәтер жалдап тұратындар  да мөлшерден тыс көп болғандықтан тұрғын үйлерге үлкен жауапкершілік керек. Осындай көпқабатты, халқы тығыз орналасқан үйлердің бірі Елордада Нәжмеденов көшесінің бойында орналасқан «Гранд Астана» тұрғын үй кешені.  Әрқайсысы 22 қабаттан тұратын бір қоршауда орналасқан бес тұрғын үйдің меншік иелерін басқарушысы бөлек. Соның бірі Ф-4 тұрғын үй.  Жаңа заң енгізілгелі бұл үйдің меншік иелерін басқарушысы – Тоғжан  деген әйел.  Негізі үй тұрғындары мен тұрмыс жұмысына бұрын назар салмаппын. Кейінгі уақытта өзіме тікелей қатысты жеке құқығым жиі бұзылатындықтан мен де көңіл бөлдім. Меншік иесін басқарушының негізгі жұмысы тазалық пен тұрғын үйге қатысты үйлестіру, ұйымдастыру жұмыстары болғанымен кейінгі уақытта тұрғын үй иелерінен маза кетті. Тұрғындардың біріне-бірін шағыстыру, бірінің үстінен біріне шағым түсірту, жиналып жатқан ақшаның қайда жұсалып жатқанына есеп бермеу,  үй тазалығы мен  тұрғындардың өтінішіне әртүрлі көзқараспен қарау сияқты әрекеттерге бейімделіп алған.

Басқа ұсақ-түйектерге назар аудамағаныммен мына жағдай көңіліме тиді. Үйдегі ас үй жиһазын ауыстырып, жаңа жиһаз әкелу үшін есік алдына дейін жүкті әкелуге сыртқа қақпаны ашуды өтініп едім,  қақпаға қатысы жоқ сылтау айтып рұқсат бермеді. Сыртқы қақпаны ашқызу үшін бір тәулік бұрын өтініш беріп рұқсат сұрауым керек екен. (Бұл қаншалықты заңды?) Басқа үйлерде өзіміз көріп жүргеніміздей арнайы күзет отырады.  Уақытында ашып, жауып қызмет көрсетіп отырады.  Амал жоқ, үйдің сыртына көлікті қойып, пандуспен қанша жүкті жаяу көтеріп жеткіздік. Жүк кіргізіп жатқандда  күйеуімен бірге келіп, «есікті неге шалқайтып ашасың?» деп  әбігерімді шығарды.  Менің меншік иесі ретіндегі құқығым  тапталды.  Күнде жүк кіргізіп мазасын алмадым, бірнеше жылда бір рет осылай жиһаз кіргізіп едім, айқайласып тындық.  Менің ойымша меншік иелерін басқарушының тұрғын үй иелерімен тіл табысуы басты орында болуы керек.  Екінші өзінің жұмысына қатысы жоқ күйеуін араластырмау керек. Үшінші – бұл үй көп қабатты үй болғандықтан күнде біреуі көшіп келіп, көшіп кетіп жатады.  Есікке тиесілі ережелерін, қақпаны ашу ережесі ілініп тұруы қажет. Болмаса меншік иелерін басқарушы сыртқы қақпаны, ішкі есікті жауапкершілікке алатын бір қызметкерді қою керек. Сыртқы қақпа мен ішкі есік, кіреберістің жиналмауы, қабаттардың ескіріп, бояуларының оңып кетуі тұрғын үй иелерінің наразылығын тудырып отыр.  Күнде бұзылатын лифт жұмысы да көңілді көншітпейді.  Қыста есік алдының қар күрелмеуі салдарынан наурыз айында қолымды сындырып, үш ай бейнет көрдім. Меншік иесі басқарушының өз кінәсі екеніне мән де бермеді.  Жеке меншік пәтер иесі ретінде Тоғжан ханымның қызметі мен төленген ақшаның қайда кететініне екі жылда тұрғындар алдында бір рет шығып есеп бермегендіктен тұрғын үйге қатысты жинақ қорына ақша төлеуден бас тартып отырмын.  Дүние бір орнында тұрмайды ғой,  елдің тілеуі қабыл болып, орнына ұяты бар басшы келгенде жиналған ақшаны сол адамға төлейтін боламын.

Жеке тұрғын үйлер басқару қызметін  әр басқарушы айласын тауып өз жағдайларына жұмсап отырған мұндай қызметтің тұрғын үйлерге еш пайдасы жоқ.  Әр ісіне есеп беріп, жоғарыдан басшылық бақылау жасап отыратын мемлекеттік ұйым болғаны жөн.  Бұл мәселе тек біз тұратын үйде ғана емес, қаланың әр жерінде көтеріліп отырған мәселе. Осы үйдің мәселесі туралы арнайы хабар да түсірілді.   Пәтерлерге жылу жіберу кезіндегі мәселелер, судың жиі тоқтатылуы меншік иелерін дұрыс басқара алмайтындығының кеселі.   Сондықтан қала әкімшілігі мен жауапты мекемелерге айтар наз осы. 

Алмахан Мұхаметқалиқызы

ҚР Жазушылар Одағының мүшесі,

Мәдениет саласының саласының үздігі  

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

9-14 мамыр аралығы Алматы облысында Халықаралық «Ұлы дала жорығы»...