12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Креативті экономиканы дамыту және зияткерлік меншікті қорғау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз елімізде креативті экономиканың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасауымыз керек. Соның ішінде, зияткерлік меншікті қорғайтын құқықтық тәсілдер қажет» деді. Сонымен қатар, бұл — өте маңызды мәселе екендігін атап өтті. Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен. Егер креативті экономиканы дамыту қолға алынса дамыған экономикалық ел қатарының адына шығуға мүмкіндік ашылады. 

Мемлекет басшысы экономиканы өркендетуге және халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыттар – медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру, ақпараттық технология салаларын қамтитын креативті индустрия жөнінде өз жаңа Жолдауында басымырақ айта түсті.

Креативті индустрия зияткерлік еңбек формаларының кең спектрін қамтиды: медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру, ақпараттық технологиялар саласы. Бұл ХХІ ғасырдағы өсу нүктесі, бірақ креативті индустрияның ЖІӨ-ге қосқан үлесі 1%-ға жетпейді және оның жұмыспен қамту құрылымындағы үлесі де өте төмен. Сонымен қатар, әлемде креативті экономика тек нығайып келеді: БҰҰ 2021 жылды Халықаралық креативті экономика жылы деп жариялады, 2022 жылы әлемдегі креативті индустриялар нарығының көлемі шамамен 104,2 млрд долларды құрады, ал капиталдандыру екі трлн доллардан асты.

Бұл ретте жыл сайын сектор айналымы 15%-ға өседі. Қазақстанға бұл бағытта артта қалуға болмайды. Сондықтан Президент өсудің барлық қажетті жағдайларын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл ретте Астана мен Алматы ғана емес, барлық өңірлер де дамитын болады: бұл үшін Президент Astana Hub сияқты, облыстық инфрақұрылым орталықтарындағы нақты сектормен тығыз үйлестіре отырып, өңірлік жоғары оқу орындарының базасында біртұтас инновациялық экожүйе құруды тапсырды. Онда креативті бизнестің жаңа өкілдері өз ісін одан әрі дамытуға мүмкіндік алады.

Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сүйейтін «креативті өндіріс» салалары шынайы инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі саналатынына терең тоқталып, сонымен қатар, креативті экономиканың дарынды жастар мен шығармашыл адамдарды өзіне тартатын, өсіріп дамытатын мега қалалардың дамуы осы креативтілікке қатысты екенін атап өтті.

Қазір креативті индустрия орталықтары Астана, Алматы және Шымкент қалаларында шоғырланған. Осы орайда, Мемлекет басшысы өңірлер үшін де тиісті жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті. Бұл өте орынды бастама деп білемін. Жаңа инфрақұрылымды құру шеңберінде әрбір облыс орталығы мен ірі қалада креативті индустрия орталықтарын құру жоспарлануда. Бұл орталықтың басты мақсаты – қатысушыларға коммерцияландыруға, яғни, өз өнімін нарыққа шығаруға көмектесу, ал өнім авторлары көбінесе өз ұсыныстарын жүзеге асыруда қиындықтарға тап болатыны рас.

Осы тұрғыда кез келген азаматтың ақыл-ой еңбегін мемлекет заңмен қорғауы тиіс. Зияткерлік меншік құқығын қорғауды жетілдіру арқылы авторларды жаңа өнімдер, әдеби немесе ғылыми шығармалар жасауға ынталандырамыз. Бұл тәжірибе әлемнің барлық дамыған елдерінде бар.

О.Жолдыбаев

Түркістан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы

Абай облысында жастарға кәсіптік бағдар берудің жаңа тәсілі қолданылды

Абай облысында жастарға кәсіби бағдар берудің жаңа тәсілі қолданысқа...

В области Абай внедрен новый подход к профориентации молодежи

В учреждении смешанной безопасности города Семей, для проведения профориентационной...

Создана рабочая группа из числа сотрудников прокуратуры

По инициативе прокуратуры Турксибского района создана рабочая группа из...

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандардан психологиялық тест алынды

Қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу- қазіргі таңда...

Проекты по спасению Арала

В Кызылорде прошло совещание по обсуждению проекта «Региональное развитие...