Әйелдер түрмесінде әдеби кеш өтті

Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемесінде жазасын өтеп жүрген дарынды әйелдер арасында әдеби кеш өтті.

Қазақстанда тұрып жатқан әр түрлі халықтар өкілінен құралған әйелдер, дөңгелек үстел басында достық ниетпен бас қосып “Отаным менің” тақырыбында өз шығармаларын ортаға салды. Туындылар тек ана тілінде ғана емес, орыс, кәріс, ұйғыр, өзбек, татар және басқа да тілдерде үн қатты.

Іс-шара соңында халықтар достастығының айқын көрінісі ретінде дәстүрлі қазақтың дастарханы жайылып, қонақтар мен қатысушылар дәм татты.

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...