Пробация есебіндегі азаматша сот залынан қамауға алынды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД Шиелі аудандық пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтардың, олардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Шиелі аудандық сотында пробациялық бақылаудағы азаматшаға қатысты сот отырысы өтті. Ол сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған. Пробация қызметі азаматшаның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолдаған.

Сот қаулысымен азаматшаның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сот залынан қамауға алынды. Сот қаулысы 15 күннен кейін күшіне енген соң, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жазасын өтеуге жіберіледі.

«А.есімді азаматша сот жүктеген міндеттерді орындамаған,яғни тіркеуге келмей сотпен тағайындалған мәжбүрлі еңбегін орындамаған,бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап,хаттама толтырылған. Бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 7 ай 10 күн бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, ҚАЖ мекемелеріне өтеуге жіберілді», – деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Бақыт Оразалиев.

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...