12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді

Бүгін Департаментпен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі – ВЖТ) кезекті отырысы өткізілді.

Аталған отырыста Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысы орынбасары ЖАО-да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау қызметінің жұмысы туралы баяндады.

А.ж. 1 жартыжылдығында Цифрландыру басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 10 құрылымдық бөлімдерінде ішкі бақылау жүргізілген. Оның ішінде, 8-іне Мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкерлері сарапшы ретінде тартылған.

Ішкі бақылау нәтижелерінде 841 бұзушылық анықталып, оларды жою үшін 37 ұсыныс енгізіліп, толығымен орындалған.

Қазіргі таңда Цифрландыру басқармасымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында біршама шаралар атқарылуда.

Отырыста, одан бөлек, «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерге жүргізілген талдау нәтижесі» талқыланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына келіп түсетін шағымдардың басым бөлігі жер қатынастары саласына тиесілі. Атап айтқанда, жыл басынан келіп түскен 141 шағымның 26-сы, яғни 19%-ы Жер қатынастары басқармасының әрекетіне келіп түскен шағымдар.

ВЖТ мүшелерімен шағымдар санын азайту мақсатында, Жер қатынастары басқармасына профилактикалық шаралар қабылдау ұсынылды.

Отырыстың келесі сұрағы «Алдын-ала өтініш беру, «бас тартусыз рәсімдерді» енгізу мақсатында мемлекеттік қызметтерге жүргізілген талдау нәтижесі» болды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес Департаментпен сұрағы «Алдын-ала өтініш беру, «бас тартусыз рәсімдерді» енгізу мақсатында 65 мемлекеттік қызмет түріне талдау жүргізілді. Нәтижесінде 9 мемлекеттік қызмет түрін көрсетуде «Алдын-ала өтініш беру», «бас тартусыз рәсімдерді» енгізуге ұсыныс енгізілді.

Аталған ұсыныстар ВЖТ мүшелерімен қолдау тапты.

Л. Т. Саду, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлеккеттік қызметтер басқармасының бас маманы –

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...