Ақтөбедегі түзеу мекемесінің аумағына шағын және орта бизнес субъектілерін тарту мәселесі талқыланды

Ақтөбеде №8 түзеу мекемесінің аумағына шағын және орта бизнес субъектілерін тарту арқылы мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құру мәселелері тиісті органдармен бірлесіп талқыланды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатырған сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында, Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы бойынша тіркелген кіші және орта бизнес субъектілер нысандарын №8 мекемесінің аймағына орналастырып, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін түзеу мекемесінде «Ашық есік күні» іс шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары аға әділет кеңесшісі Қуандық Рахметов, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Кайрат Юсупов, Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Нұрбек Кабдикаримов, ҚАЖ Департаментінің СЕҰТ-ның бас маманы әділет капитаны Гүлннар Избагамбетова, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айбек Айтжанов, «Ferrom» ЖШС директоры Мейрамгуль Файзулина, сондай-ақ «Fibc Kazakhstan» ЖШС директоры Ботагоз Тайбукенова қатысып, мекеме аймағынан өз кәсіпкерлерін ашу мақсатында мекеменің өндірістік аймағындағы бос тұрған ғимараттарды қарады.

Айта кету керек, 2023 жылдың басынан бастап, өңірдегі 2 шағын орта бизнес субъектілері РМК «Еңбек- Жайық» филиалымен бірлесіп, түзеу мекемесінің аумағында өз кәсіптерін ашты. Қазіргі таңда №8 түзеу мекемесі аумағында 5 шағын орта бизнес субъектілері 126 сотталғанды ақылы жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «Өз кәсіптерін ашу мақсатында жұмыстарын жүргізгісі келетін шағын және орта бизнес субъектілері мекеме аумағына келіп, кәсіптерін дамытып жүргізулеріне толық мүмкіндіктер қарастырылған»,- дейді №8 түзеу мекемесі бастығының жалпы сұрақтары бойынша және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша орынбасары әділет подполковнигі Аскар Кубайдуллин.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...