12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу

Алматы қаласы Медеу аудандық пробация қызметі «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік қадағалау және оларды әлеуметтік бейімдеу» тақырыбында  ағымдағы жылдың қыркүйек айының 8 жұлдызында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімшілігінің жанындағы Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы мен  прокуратура органының, пробация қызметтері, және де Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың, сондай-ақ «Social project management» өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында дөңгелек үстел қатысушылары, бас бостандығынан айыру орындарынан адамдар босатылғаннан кейін туындайтын, проблемалы мәселелерді талқылады.

Әлеуметтік-қауіпті науқастарды дәрілік затармен қатамасыз ету, сондай-ақ,  сотталғандар үшін жұмыс орындарын көбейту мүмкіндіктерін қарады, өйткені сотталғандар әдетте жұмыссыз қалып жатады.

Дөңгелек үстел қатысушылары көрсетілген мәселелерді шешуде өз нұсқаларын ұсынды. Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері сотталғандарға әкімшілік қадағалау мен оларды әлеуметтік бейімдеуге қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша депутаттық корпуспен жұмыс туралы айтып берді.

Соңында, Медеу аудандық пробация қызметінің бастығы Жәнібек Телибаев дөңгелек үстелге белсене қатысқандары және конструктивтік диалог үшін алғысын білдірді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...