«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында, дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтті.

 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекеме қызметкерлері Заречный ауылының 5 сынып оқушысын мектепке дайындады. Әкімдік тарапынан №12 мекемеге акцияға белсенді қатысқаны үшін алғыс хат табысталды. 

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...