Алматы облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған ер азаматтар ұсталды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №14 мекеменің қызметкерлері, өткізілген іс-шара барысында, тыйым салынған заттардың аумаққа кіру фактісін алдын алды.

Мекеменің аумағына скотчпен оралған бес дана түйіншектер лақтырмақ болған екі ер азамат ұсталды. Бес түйіншектер ішінен, төрт ұялы телефон және алты дана сыдырма пакетте жасыл түсті өткір иісті белгісіз зат тәркіленді.

«Аталған факт бойынша Қонаев қаласының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды. Ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу іс-амалдары басталды»,- деп атап өтті, мекеме бастығы Ұлан Арғынбаев.

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...