12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заңдылықтың сақталуы үнемі назарда

Қарқынды өзгерістер мен жаңа сын-қатерлер жағдайында прокуратура мемлекеттік биліктің барлық институттарымен синхронды түрде қоғамның қажеттіліктеріне бағдарланған заманауи органға айналады. Бұл жөнінде Ата заң мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Бас прокуратурадаөткен  салтанатты жиналыста  еліміздің  Бас Прокуроры Б.Асылов мәлімдеді. Асылов мырзаның айтуынша, Конституцияда адам құқықтарын, бизнес, қоғам және мемлекет мүдделерін қорғаудың заңдылығы мен кепілдіктерінің негізі қаланған. Ал, Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен қабылданған «Прокуратура туралы» Конституциялық заңында жоғары қадағалауды одан әрі дамытудың бағыты белгіленген.

Омыған орай прокурорлардың күш-жігері өмірдің барлық салаларында азаматтардың Конституция кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, адал бизнестің мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ қоғам үшін басқа да өзекті  мәселелерге жұмылдырылған.

Биыл әлеуметтік-экономикалық саладағы прокурорлардың актілері бойынша 280 мыңнан астам азаматтың, оның ішінде еңбек, денсаулық сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу, меншік құқығын сақтау саласындағы конституциялық құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді.

Мемлекеттік органдардың елдің Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін 8 мыңнан астам заңсыз актілерінің күші жойылды және өзгертілді. Бұл шаралар негізінен салық салу, мемлекеттік сатып алу, жер және тұрғын үй қатынастары, қала құрылысы, табиғатты қорғау мәселелері бойынша жүзеге асты.

Прокурорлардың өтінішхаттары мен наразылықтары бойынша азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қатысты 352 сот актісі қайта қаралып, 15,7 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттің мүдделері қорғалды.

Кәсіпкерліктің конституциялық кепілдігін қорғау және бизнес субъектілерінің мүддесі үшін инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында 14 мың тыйым салу және шектеу шараларының, 562 млн теңгеге 4 мың заңсыз әкімшілік іс жүргізудің күші жойылды.

Құқық қорғау жүйесін реформалау шеңберінде прокуратураның қылмыстық-құқықтық саладағы құқық қорғау рөлі күшейтілді.

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында прокурорлар тергеу органдарының 177 мыңнан астам шешімін тексерді, 5,6 мың заңсыз қаулыларды қабылдаудың жолын кесті, 610 адамды қылмыстық орбитаға негізсіз тартудан қорғады.

Прокурорлардың бастамасымен 198 сотталғанның жағдайы жақсарды, 9 адам ақталды.

Осылайша еліміздің прокуратура органдарының елдегі заңдылықты нығайтуға үлес қосып жатыр. Асылов мырзаның айтуынша, әрбір прокурор барлық күш-жігерін басты міндеттерді орындауға – Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге және жоғары конституциялық құндылықтарды – адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағыттай береді.

А.Тұрмағанбетова

«Зң газеті»

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...