Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар футболдан жарысқа түсті

Қызылорда қалалық пробация қызметі мен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының ұйымдастыруымен Илья Ильин атындағы спорт алаңында шағын футболдан жарыс өтті.
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған және түзеу мекемелерінен босатылған сотталғанғандарды қайта әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген қалалық пробация есебінен 3 команда қатысты.
Қатысушы командалар жарыс көркін қыздырды. Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Тартысты да қызықты өткен жарыста командалық есеп нәтижесінде екінші, үшінші орынды пробация есебіндегі азаматтардан құралған командалар иеленді. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Сотталғандардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді. Пробация есебіндегі азаматтардан құралған командалар орын алып, «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» номинацияларын иеленді. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,-деді қалалық пробация қызметінің аға испекторы әділет майоры Нұрбол Баймурзаев.
-Бүгін мен жарыста «Үздік қақпашы» номинациясын алдым. Қуанышымда шек жоқ. Әр түрлі спорттық шараларға қатысып тұрамын.Марапатым да көп. «Бірінші байлық- денсаулық» — демекші спортпен шұғылданған адамның денсаулығы жақсы болады. Сондықтан пробация қызметінің ұйымдастырған спорттық шараларына қатысуға тырысамын,- дейді есептегі азамат .

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...