Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жоба аясында арнайы дизайн маманымен Jas-JOBaLike жобасына логотип дайындалды. Және консультация беру, стартап, кәсіпкерлік идеяларды жетілдіру, заңдылықтарын реттеу, бизнес гранттар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету, виртуалды жұмыспен қамту жәрмеңкесін ұйымдастыру мақсатында Фронт офис өз жұмысын бастады. Фронт-фоистің жұмысы заңгер-кеңесші, байланыс операторы арқылы жүргізіледі. Фронт-офис арқылы консультациялық қолдау көрсету мақсатында call-орталықтың жұмысы жүргізілуде. Фронт-офистің жұмыс уақыты мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі және жұма аралығында жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін өз қызметін жүзеге асырады. Фронт-офис аясында арнайы Telegram BOT құрастырылды. Telegram BOT-та Жамбыл облысы жастарына арналған мемлекеттік бағдарламалар, бизнес гранттар, заңгер кеңестерін онлайн түрде ала алады.
Жоба аясында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік, бизнес бастау үшін гранттар, жаңа стартап-идеялар, Жамбыл облысында жастар саясатын іске асыруға бағытталған іс-шаралар мен жобалардың ақпараттарымен бөлісіп отыру үшін өңірлік ақпараттық-әдістемелік сайт әзірленуде. Бұдан бөлек «Jas-Jobalike» атауымен әлеуметтік желілерде Instagram, Facebook, Tik-tok, Telegram-канал, Youtube арнайы ақпараттық парақшалар ашылды. Тұрақты түрде сапалы фотолар мен видеороликтер, жоба аясында атқарылып отырған жұмыстар, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, жобалар, қолдау тетіктері туралы ақпараттар, инфографикалар енгізіліп отыруда. Әлеуметтік желілерге материал дайындау үшін smm-маманы мен фотограф тартылды.
«Jas Motive» бағдарламасы аясында жетістікке жеткен түрлі саланың мамандары және жас жеке кәсіпкерлер туралы Youtube интернет каналына сюжеттер шығарылуда. Бағдарлама аясында бизнес бастау, кәсіпкерлік, стартаптар туралы сұхбаттар, подкасттар түсіру, жастармен кездесулер ұйымдастырылатын болады.
Қазіргі таңда жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы оның ішінде, «Әулиеата жастары» бағдарламасына арналған анимациялық 2 бейнеролик дайындалды.
Жоба аясында өңіріміздің белсенді, жетістікке жеткен және өнертапқыш жастары туралы ақпараттық энциклопедиялық кітаптың редактуралық жұмысы жүргізілуде.
«JASTAR» дамыту орталығының
төрағасы Каныбек Муратбаев


