Қызылордада қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі жазасын өтеушілерге 33 психопрофилактикалық іс-шара өткізілген

Қызылорда қаласында қауіпсіздігі барынша төмен №37 мекемесінде сотталғандарды қайта қоғамға тәрбиелеу жұмыстарымен мекеменің тәрбие бөлімі айналысады. Әрбір сотталғанды мекемеге келген күннен бастап оларды қабылдап, мінездеме жасалады. Қоғамнан алшақтау дегенің өзі жазасын өтеуші үшін өте ауыр психологиялық стресс. Мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Абдулла Уайдаевтың айтуынша жазасын өтеушілермен тәрбиелік шаралар жиі өткізіледі. Сондай-ақ қоғамдық шараларға белсене қатысқандарға марапаттау шаралары да беріледі. Жыл басынан 36 сотталғанға марапаттау шарасы берілген. Марапаттау шаралары бар сотталғандардың оң мінезделеді және түзелу жолына түсе бастағанын білдіреді,- дейді Абдулла Уайдаев. Сондай-ақ мекемеден босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруды қолдайтын «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы тұрақты жүргізілуде. «Қақпа алдында кездесу» шарасына мерзім соңымен босатылған сотталғандар ғана қатысады. Мамандар сотталғандарға босатылғаннан кейінгі сотталғанның тұрмыстық және жұмысқа орналасу жөніндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Одан соң, босатылған соң жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама береді. Жазасын өтеп шыққан азаматтың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік-құқықтық көмек алуына мүмкіндігі бар. Жыл басынан 32 сотталған мерзім соңымен босатылған.

  • Мекеме психологы Ақгүл Аманованың айтуынша,жазасын өтеушілерге әр қараңғы түннен кейін жарық күн, әр қиыншылықтан кейін жеңілдік бар екендігін түсіндіріп, қиналған жазасын өтеушілердің жан дүниесін түсініп, олардың көзқарастарын өзгертіп, келешекке сенімділікпен қарауға, мақсат коя білуге отбасына тезірек оралуы үшін тәрбиелік жұмыстар жасаймыз. Ертең-ақ қоғамға, еліне пайдасы тиетін, өзгелерге үлгі болатын тұлғаға айналуларына мүмкіндіктері зор екенін ұғындырамыз дейді. Жаңадан қабылданған сотталғандардың өзіне-өзі қол жұмсау қаупін анықтауға арналған «Ақсұңқар» психодиагностикалық аппараты арқылы 60,68 мекемесінің психолог мамандары бірлесе жұмыс атқарамыз дейді психолог маман.Сотталған азаматтардың түзелу жолына түсуі, қоғамға толыққанды адам ретінде қайтарылуы олармен жүргізілетін осы тәрбие жұмыстарының пәрменділігіне байланысты дейді мекеме психологы Ақгүл Аманова.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...