Бас бостандығынан айыру орындарынан шықан адамдарды                                     әлеуметтік бейімдеу

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты  №11 мекемесінде,  тәрбие жұмысын нығайтуға байланысты, кәмелетке толмаған жазасын өтеушілер арасында, Аламты қаласы қоғамдық даму басқармасы  «Social Project Manaqment» орталығының  директоры Бейбіт  Молдахметұлының ұйымдастырумен, педагог психолог маман Мурадуллаева Гулбануш жазалы  жасөспірімдермен «Арманға жету!» деген   тренинг  өткізді. Тренингке қатысқан әр бір жасөпірімен жеке дара жұмыстар жүргізді. Іс шараның мақсаты: Жасөспірімдерге нақты мақсат қоюға үйрету, психологиялық ойлауды дамыту, сотталғандарға әлеуметтік-психологиялық білімді, насихаттау, сотталғандарды қоғамдық өмірге бейімдеу, тұлғаларды өзара қарым-қатынас мәдениеттін дамыту, әлеуметтік-психологиялық ахуалды жандандыру. Жастар арасында құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша сотталғандармен психологиялық жұмыс жүргізу. Стресске төзімділікті ынталандыру, және зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бүлдіргіш мінез-құлықты және төтенше оқиғаларды алдын алу мақсатында өтті. Жасөспірімдерді қайтадан қылымыстық жолға түспеуіне және өздерін ұстай білуге, өзіне сену қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Психолог мамандар алдағы уақытта, мекемеге жоспар бойынша келіп, жазасын өтеуші жасөспірімдермен психологиялық жұмыстар жиі жүргізіп тұратын айтты.

№11 мекеме  Еркегүл  Жеңісхан

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...

Казахстанский стартап с технологией для здоровья спортсменов занял второе место в США

Казахстанский deep-tech стартап Mirai Tech занял второе место на WT Innovation...