Қызылордада жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған адам түзеу мекемесіне жолданды

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының 07.03.2023 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) бойынша 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған У. есімді азамат жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін 09.06.2023 жылы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.
Яғни, У. есімді сотталған есепке алынғаннан кейін бар-жоғы екі ай уақыттың ішінде пробациялық бақылаудан жасырынып, сот үкімімен тағайындалған мәжбүрлі еңбекті орындаудан бас тартқан.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның пробациялық бақылаудан жасырынуы, мәжбүрлі еңбекті дәлелсіз себептермен бір айдың ішінде екі және одан да көп рет орындамауы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.
Аталған ұсынымды 29.06.2023 жылы негізінен қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын ауыстыру туралы қорытынды берілді.
Осыған орай, У. есімді сотталған бас бостандығын шектеу жазасының 9 (тоғыз) ай 4 (төрт) күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген.
Қаулы заңды күшіне 17.07.2023 жылы енген.
Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталғанның міндеті болып табылады.
Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерілген жөн.

Байқоңыр қалалық пробация
қызметінің бастығы
әділет майоры А. Танбаев

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...