Ақтөбеде донерге телефон жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған азамат ұсталды

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты №70 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде донердің ішіне фольгаға мұқият жасырылған шағын телефонды сим картасымен бірге тәркіледі.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 34 жастағы қала тұрғыны А. Ж. есімді азамат абақтыда «Бопсалау» бабы бойынша айып тағылған күдікті-айыпталушы досына азық-түлікпен бірге донердің ішіне жасырып, бермек болған.

– Азамат А. Ж. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – дейді №70 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Аман Құлмұхамбетов.

Айта кету керек, аталған тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлерінің қырағылығымен мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру барысында биылғы жыл басынан бері 19 телефон тәркіленген болса, өткен 2022 жылы 21 телефон тәркіленіп алынды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы,
Фотолар мен видеоны Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметі ұсынды

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...