12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбеде түзеу мекемесінен шыққандарға қақпа алдында кеңес берді

Абайсызда немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, жазаға тартылып сотталған азаматтардың босатылғаннан кейінгі қоғамға қайта бейімделуі үшін «Қақпа алдындағы кездесу» жобасының маңызы өте зор.
Бүгін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуымен босатылған Ақтөбе қаласының тұрғынына «Қақпа алдындағы кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды. Ол «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша бас бостандығынан шектеліп, Пробация есебіне алынған. Бірақ есепте тұрса да бірнеше бұзушылық жасап, Сот үкімімен 11 ай 10 тәулікке бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығын айыру жазасына ауыстырылған.

Іс-шарада №8 түзеу мекемесінің сотталғандарды еңбекті және тұрмыспен қамтамасыз ету бойынша аға инспекторы Камшат Ельтаева және Ақтөбе қаласының мансап орталығы филиалының маманы Гүлзабира Бисембаева, бостандыққа шығушы сотталғанға жоба аясында көрсетілетін барлық қолдаулар мен көмектерді түсіндірді.
Сондай-ақ, босатылғаннан кейін жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмек, құқықтық көмек, пробациялық бақылап- қадағалау мәселелері бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Кездесуде бостандыққа шығушы сотталған баспанасы жоқтығын айтып, мекендеуге арнайы орын бөлетін жұмыс және күнделікті жұмсауына жәрдемақы ретінде қаражатпен көмек сұрады .
Тұрғылықты жері болмағандықтан, сотталған Ақтөбе қаласындағы «Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа» уақытша орналастырылды.
Жалпы, «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтiк жобасы негiзiнде сотталғандардың бостандыққа шыққан алғашқы күндерiнде олардың қоғамға тез бейiмделуi үшiн жағдай жасалып, әлеуметтiк көмек көрсету басты назарда болады. Аталған іс-шараның мақсаты да осы»,- дейді №8 түзеу мекемесінің сотталғандарды еңбекті және тұрмыспен қамтамасыз ету бойынша аға инспекторы Камшат Ельтаева.

Айта кету керек, жыл басынан бастап күні бүгінге дейін №8 түзеу мекемесінен 148 сотталған бостандыққа шыққан болса, өткен 2022 жылы 274 сотталған жазасын өтеп бостандыққа шықты.
Түзеу мекемесінен жазасын өтеп шыққандар үшін «Қақпа алдында кездесу» жобасы күні бүгінге дейін өз нәтижесін беріп келеді. Яғни, әлеуметтiк көмекке мұқтаж сотталғандарды барынша қамқорлыққа алып, көмек қолын созуда.
Бір ғана мысал, биылғы жыл басынан бастап 9 сотталған өздері білдірген өтініштеріне сәйкес мекеме қызметкерлерінің ықпалымен 40 мың теңге болатын біржолғы әлеуметтік көмекке қол жеткізді.

Шара аясында қажетті ақпараттарды алған сотталған азамат мекеме әкімшілігіне және келген мамандарға өз ризашылығын білдірді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы
Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...