Қазақстан футболының аңызы Сейілда Байшақов қайтыс болды

Қазақ футболының аңызы, ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.

Сейілда Икрамұлы 1950 жылы 28 тамызда дүниеге келген. КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы болды. Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.

Әр жылдары «Қайрат» футбол клубы» АҚ бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасы мини-футбол қауымдастығының президенті, Қазақстан футбол одағының төрешілер комитетінің төрағасы, Қазақстан футбол одағының вице-президенті, Қазақстан футбол федерациясының балалар және жасөспірімдер футболы бойынша жетекші маман қызметтерін атқарды.

2007 жылдың 28 тамызынан бастап Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті, 2013 жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы Техникалық комитетінің төрағасы болды. 2016 жылы Қазақстан футбол федерациясы президенті болды, кейіннен Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді.

Казахстанский стартап с технологией для здоровья спортсменов занял второе место в США

Казахстанский deep-tech стартап Mirai Tech занял второе место на WT Innovation...

АБАЙ УНИВЕРИСТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Алматыда 16–18 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай педагогикалық университетімен...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап, адмагершілігмен,...