№60 мекемесінің жедел қызмет жұмысының атқарылған жұмыстарды қорытындылау жиналысы өтті

ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің жедел қызмет жұмысының 2023 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылау жиналысы өтті. Жиналысты Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы жүргізді. Жиынға мекеменің жеке құрам қызметкерлері, 5547 әскери бөлімінің штаб бастығы, РМК «Еңбек-Қызылорда» мекемесінің Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры қатысты. Жиналыс барысында мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі А.Ускенбаев мекеменің қызмет салалары бойынша 2023 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады. Сонымен қатар, кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері ҚАЖД бөлімшелері арасында 2023 жылғы 1-жарты жылдықтағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы шолуымен таныстырды. Жиын барысында мекеменің қызмет салалары бойынша бірқатар тапсырмалар беріліп, 1 жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша оң баға берілді.

В области Абай среди осужденных, состоящих на учете службы пробации, прошел шахматный турнир

В Кокпектинском районе области Абай службой пробации Департамента уголовно-исполнительной...

Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері,...