Қайтарымсыз грант ұтып алған есептегі азамат мал шаруашылығымен айналыспақшы

Ағымдағы жылдың маусым айында Шиелі аудандық пробация қызметінің есебіндегі 2 азаматы қайтарымсыз грант ұтып алды.

Олар мал шаруашылығын дамыту үшін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, 1 млн 380 мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды. Бұл екеуі, нақтырақ айтсақ Т есімді азамат ҚР ҚК- нің 345-1- бабының 3 бөлігімен шектеу жазасы бойынша есепте тұрса, екіншісі Б. есімді азамат ҚР ҚК- тің 188-бабының 4- бөлігінің 3- тармағы бойынша 5 жылға шартты түрде сотталған.

Қайтарымсыз грантты ұтып алған сотталғандар пробация қызметкерлеріне ризалығын білдірді.

– Мемлекет тарапынан біз секілді азаматтарға қолдау көрсетіп, қайтарымсыз грант бөлініп жатқандығы бизнес жобамыздың жандануына септігін тизгізгеніне өте қуаныштымын.

Алдағы уақыттағы басты мақсатым – кәсібімді үлкейтіп, жұмысссыз азаматтарға жұмыс ұсынып, халыққа да, өзіме де пайдалы жұмыс жасау. Жеке кәсіп ашуыма ықпал жасап, құқықтық көмек көрсеткен пробация қызметіне алғысым шексіз, – дейді сотты болған азамат.

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...