Эльдар Толғанбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Президент әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Эльдар Толғанбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д. А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихат аппаратының бас маманы болып бастаған.

2005-2006 жылдары — Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы.

2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында қызмет еткен.

2008-2012 жылдары — бас кеңесші; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі.

2012-2016 жылдары — ҚР Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары.

2016-2019 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі.

2019 жылы жеке құрылымында жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары — «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2020-2022 жылдары — «Almaty телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары.

2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...