Денсаулық — біздің байлық

​Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің «№3 мекеме» әкімшілігі Астана қаласындағы «Достық» медициналық орталығының мамандарымен бірлесе отырып, қауіпсіздігі барыншы төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жоспарлы жыл сайынғы профилактикалық тексеру жүргізді.
​Сотталғандарды жыл сайынғы профилактикалық тексеруден өткізу жоспарына сәйкес «Достық» медициналық орталығының мамандары мекеменің медициналық бөлімшесінде сотталғандарды тексеруден өткізді. Тексеру барысында аурушаңдық және амбулаторлық карталар бойынша салыстыру жүргізіліп, қан қысымы, қант диабеті және басқа да ауруларға қан анализі алынып, денсаулығы тексерілді.
​«№3 мекеме» бастығы әділет подполковнигі Н.Е.Ажихановтың айтуынша, бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі және ауыр сырқатқа шалдыққан сотталғандарға ерекше көңіл бөлінеді, сонымен қатар медициналық тексеру және кеңес беру кезеңінде барлық сотталғандар оң нәтиже алғанын түсіндірді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...