2023 жылдың 3 маусымында Астана қаласы Әділет Департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің бас маманы Е.Н.Әлайдардың және адвокат А.М.Дюсенбаевтың қатысуымен, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару — жүйесі Комитетінің «№3 мекемесі» РММ-де мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында заң көмегіне мұқтаж азаматтардың алимент және жәрдемақы тағайындау, І-ІІ топ мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша құқықтық кеңестер берілді.
Заңды бұзған адамдар заң көмегіне бәрінен де мұқтаж, деп түсіндірді: мекеме бастығы әділет подполковнигі Н.Е.Ажиханов.


